Атырау елдің басты инвесторы болмай қалды

Атырау елдің басты инвесторы болмай қалды

Жылдар бойы еліміздің негізгі инвестиция тартушысы болып Атырау облысы бұл мәртебесінен айырылуда. 2024 жылы тау-кен өнеркәсібіне күрделі инвестицияның күрт төмендеуі аясында облысқа келген инвестициял 28% қысқарып, 2025 жылдың бірінші тоқсанында тіпті 43% құлдырап, 281,5 млрд теңгеге дейін түсті.

Нәтижесінде, 2025 жылдың үш айының қорытындысы бойынша, Атырау облысы инвестиция тарту бойынша жылдар бойы өзінен кейінгі екінші және үшінші орындарда болған Астана және Алматы қалаларынан (тиісінше 383,8 млрд теңге және 345,3 млрд теңге) қалып қойды.

Сонымен қатар, осы уақытта Түркістан облысына (196,5 млрд теңгеге дейін) инвестиция көлемінің қарқынды өсуін атап өткен жөн, өңір 2025 жылы республикаға салынған инвестиция көлемі бойынша еліміздің барлық басқа мұнай-өнеркәсіптік аймақтарын басып озып, төртінші орында тұр.

Жалпы, Атырау облысында көрсеткіштің төмендеуі түсінікті, инвестиция циклы аяқталып, жаңа ірі жобалар ашылып жатқан жоқ. Алайда, Астана мен Түркістанда да сондай жағдай, бірақ бұл өңірлерге мемлекеттік инвестицияның үлесі көп. 

Биыл бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, Астана қаласының инвестиция көлеміндегі бюджет инвестициясының үлесі 27%, ал Түркістан облысында 30% болды. Салыстыру үшін, Алматыда бұл көрсеткіш 20% деңгейінде, ал республика бойынша орташа алғанда 20-21%.