Астанада шығармашылық салалардың басты форумы өтеді

Астанада шығармашылық салалардың басты форумы өтеді

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында 17 мамырда PR room БАҚ және PR қауымдастығы ұйымдастыруымен Астанада шығармашылық салалардың басты форумы — Art Forum өтеді.

Жыл сайынғы шара мәдениет, өнер, театр, кино, музыка, поэзия, тарих және коммуникация салаларындағы шығармашылық менеджерлерін, креаторларды және сарапшыларды жинайды.

Бір күнде сіз өзіңіздің талантыңызды монетизациялауды, жазылушыларды клиентке айналдыруды, киноиндустрияға енуді, жергілікті брендтерді халықаралық деңгейге шығаруды және өнерден ақша табуды үйренесіз. Сізді атақты сарапшылардың шабыттандыратын кейстері, құнды әңгімелері мен практикалық құралдары күтеді.

Іс-шарада мынадай тақырыптық панельдік сессиялар болады:

  • Жеке бренд: қымбаттапсырыстардың кілті. Жазылушыларды тұтынушыларға қалай айналдыруға болады?
  • Табысты кинорежиссер: контентті қалай жасауға және оны кино нарығында қалай алға жылжытуға болады
  • Мәдени код және танымалдылық. Өзіміздің  қалай сатамыз
  • Ақылы өнер: шығармашылықтан қалай ақша табуға болады?
  • Талантты қалай монетизациялауға болады: ақша vs шабыт

«PR room ұйымдастыратын Art Forum таланттар үшін, шығармашылық сала өкілдері үшін көпке танылуға мүмкіндік ұсынатын алаңға айналды. Біз спикерлерді таңдауға өте мұқият қараймыз және бірегей өнімді жасайтын, құнды сараптамалық білімі бар, бірақ әрқашан қоғам қайраткері бола бермейтін адамдарды ұсынамыз. Өнер, кино, шоу-бизнес және басқа да салалардағы дарындарды жарыққа шығарамыз», — дейді форум ұйымдастырушысы Айнұр Байғожа.

Бағдарламаны мына сайттан таба аласыз.

Іс-шараны ұйымдастырушы PR room – салалық журналистиканы дамытатын, шетелдік тағылымдамалар мен ауқымды шараларды ұйымдастыратын БАҚ және PR мамандарына арналған қауымдастық. Қауымдастық жыл сайынғы спорттық конференция, Art Forum, PR room Awards секілді ірі шараларды өткізеді.