Астанада 10G интернет қосылайын деп жатыр

Астанада 10G интернет қосылайын деп жатыр

Астана әкімдігі мен қытайлық Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы 50G PON технологиясымен ультра жоғары жылдамдықты 10G интернетті сынақтан өткізу бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлады Kazakh Invest.

Тараптар келісімге Қытай-Орталық Азия форумында қол қойды. Ол елордада озық телекоммуникациялық шешімдерді енгізуге бағытталған.

10G – үйлер мен кеңселерде қолданылатын жылдамдығы секундына 10 гигабитке дейінгі сымды интернет. Бұл атау 4G/5G сияқты 10-ұрпақ емес, жылдамдықты білдіреді. Мұндай интернет өте жылдам ғана емес, сонымен қатар ең аз кідіріс пен жоғары тұрақтылыққа ие болады.

10G интернет — бұл жаңа технология, кейбір елдер оны пилоттық жобалар түрінде енгізіп жатыр. Мысалы, АҚШ, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Франция, Германия.