2022 жылы Агенттік активтері банк жүйесі активтерінің 71%-ын құрайтын 10 ірі банк бойынша алғашқы тұрақты AQR өткізді.

AQR өткізу барысында 2022 жылы 15,2 трлн теңге сомаға 19 млн қарыз, оның ішінде 1 400-ден астам ірі қарыз алушы талданды.

Бұл бағалау нәтижелері жүйе бойынша капитал жеткіліктілігінің деңгейі нормативтік тұрғыдан белгіленген минимум талаптан айтарлықтай жоғары екенін көрсетті.

Ірі қарыз алушылар бойынша қаржылық жағдайды талдау және провизиялар жеткіліктілігін бағалау кредиттік тәуекелді бағалау бойынша Агенттіктің ішкі үлгілерін пайдалана отырып дербес түрде жүргізілді. Біршама ұсақ қарыздар бойынша провизияларды бағалау статистикалық үлгінің көмегімен жүзеге асырылды.

Алдағы уақытта Агенттік тұрақты AQR шеңберінде банктермен өзара іс-қимыл процесін жетілдіруді жоспарлап отыр. Алдыңғы нәтижелерді талдау негізінде банктерге барынша жиі кездескен қателіктердің және оларды түзету жөніндегі ұсынымдардың тізбесі жіберіледі.

Жүргізілген талдаудың және банктердің әдістемелері мен процестеріндегі анықталған кемшіліктердің негізінде Агенттік банктерді тұрақты AQR-дің негізгі аспектілері бойынша оқытуды жалғастырады, сондай-ақ банктерді кредиттік тәуекелді бағалау мен талдаудың ішкі үлгілерін құру қағидаттары мен үздік практикаларымен таныстыруды жалғастырады.