2025 жылғы қаңтар-маусымда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 18,4% өсіп, 3312,9 млрд. теңгені құрады.
Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 92,7%, шетелдік – 6,6%, мемлекеттік –0,7% орындалды.
2025 жылғы қаңтар-маусымда құрылыс жұмыстары көлемінің 2024 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда ұлғаюы имараттар (29,2%) мен тұрғын ғимараттар (15,8%) құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарымен байланысты.
2025 жылғы қаңтар-маусымда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 22%), автомобиль, теміржолдары мен метролар (21,8%) және тұрғын үйлердің (14,2%) құрылысы алады.
Өңірлер бөлінісінде республиканың он тоғыз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Ақмола (54,9%), Қостанай (50,6%), Қызылорда (44,5%), Батыс Қазақстан (39,4%), Жетісу (37,1%), Алматы (30,6%), Маңғыстау (29,9%), Солтүстік Қазақстан (26,7%), Түркістан (25,1%), Қарағанды (22,5%), Ақтөбе облыстарында (21,8%) және Алматы (33,6%), Астана (33,6%) және Шымкент қалаларында (20,2%) байқалады.