АҚШ президенті Дональд Трамп импортталатын барлық болат пен алюминийге 25%-дық баж салығын енгізгеннен кейін әлемдік алтын бағасы тарихи рекордқа жетті. Чикаго тауар биржасы мәліметінше, сәуір айындағы алтын фьючерсі 1,16% өсіп, унциясы 2968,50 доллар болды.
2025 жыл басынан бері алтыү құны әлден 11% өсіп, рекорд қойды.
Банктер бағаның 3000 долларға жақындап қалды деп болжайды. Citigroup Inc. болжамы бойынша, геосаяси шиеленіс пен сауда соғыстары сұраныстың артуына байланысты алтын бағасы үш ай ішінде осындай деңгейге жетеді. Ал J.P. Morgan Private Bank жыл соңына дейін 3150 доллар болатынын айтады.