Алматыда Changan, Chery, Haval құрастырыла бастайды

Алматыда Changan, Chery, Haval құрастырыла бастайды

2025 жылы Алматыда жаңа мультибрендті Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауыты жұмысын бастайды. Онда қытайлық Changan, Chery және GWM (Haval және Tank) көліктері құрастырылады. Өндіріс төрт модельден басталады, бірақ болашақта одан да көп болады, деп хабарлайды Курсив «Астана Моторс» компаниясының өкілдеріне сілтеме жасап.

Бірінші кезеңде Қазақстанда Chery Tiggo 2 PRO, Haval Jolion, Tank 300 және Changan CS55 Plus құрастырыла бастайды. Өндірістік желілерді 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосу жоспарлануда. Кейінірек зауыт басқа қытайлық көліктерді шығаруды бастауы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Қостанайда жылына 70 мың көлік шығаратын KIA зауыты салынатыны хабарланған.