Ұлттық статистика бюросының берген мәліметінше, 2025 жылдың сәуірінде отандық кәсіпорындардың күшімен жалпы құны 196,3 млрд теңге болатын 13 886 дана түрлі техника шығарды. Ал былтыр дәл осы уақытта бағасы 172,2 млрд теңгені құрайтын 14 062 көлік шығарылғаү (-1,4%). Машинажасау саласындағы автоөнеркәсіптің үлесі – 41,5%.
Төрт айдағы өндіріс көлемі былтырғы қаңтар-ақпанның нәтижесімен шамалас (-1,1%). Қазақстан аумағында жалпы құны 638,7 млрд теңгені құрайтын 47 041 техника конвейерден түсті, ал бір жыл бұрын осы кезеңде жергілікті зауыттар 593,1 млрд теңгелік 47 548 машина өндірген. Негізгі үлес жеңіл автомобильдерге тиесілі – 43 155 (-1,1%). Жүк көліктері– 1 813 (-13,1%), автобустар – 734 (-0,8%). Одан бөлек 1 140 тіркеме мен жартылай тіркеме және 199 басқа да арнайы техника өндірілді.
«2025 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстандағы автоөндіріс кәсіпорындарының өндірістік көлемі өткен жылдың деңгейінде сақталуда. Бұл көрсеткіштер саланың тұрақты әрі болжамды жұмысын білдіреді. Жыл аяғына дейін Алматы мен Қостанайда екі жаңа автозауыт іске қосылып, елде жасалатын автомобильдердің модельдік қатары кеңейетіндіктен, өндіріс көлемі артады деп күтіп отырмыз. Технологиялық процестерге терең үңілуге ден қою да маңызды трендке айналды, елде жасалатын автокомпонент үлесі басым болып келеді. Мұның барлығы еліміздің өңірлерінде жоғары өнімді жаңа жұмыс орындарын ашуға, индустриялық инфрақұрылымды дамытуға және елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға ықпал етеді. Таңдалған өнеркәсіптік саясаттың дұрыстығын сату көрсеткіштері де дәлелдейді: бүгінде елімізде сатылған әр үш автокөліктің екеуі – қазақстандық өндірістің өнімі», — дейді ҚАО президенті Анар Мақашева.
«Қазақстанның Автокөлік Одағының» мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында
- Қостанайда (Allur) 24 989 техника өндірілді (-17,3%)
- Алматыдағы кәсіпорындар (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 18 819 (+39,4%) жеңіл және коммерциялық көлікді құрастырды.
- Семейде (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 1 111 коммерциялық техника конвейерге тұрды.
- Қарағанды облысындағы QazTehna 476 техника (+15,8%) өндірді.
- Көкшетаудағы КАМАЗ-Инжиниринг 363 коммерциялық автомобиль жөнелтті (+17,1%).
- Басқаларында – 1 283 техника.
2025 жылдың қаңтары мен сәуірі аралығында көптеп шыққан бес бренд тізіміне (экспортты қосқанда) Hyundai (18 625), Chevrolet (9 786), Kia (8 165), Jetour (3 521) және Jac (2 606) кірді.
Модельдер арасында Chevrolet Cobalt (8 235), Hyundai Tucson (7 224), Kia Sportage (3 962), Hyundai Santa Fe (2 778) және Hyundai Mufasa (2 449) көп.