Мемлекет басшысы бұл туралы Жолдауда айтты.
«Жедел даму қаласы ретінде бой көтеретін, инвестициялар мен кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыруды көздейтін Алатау қаласын салудың маңызы көпшілікке түсінікті болды деп ойлаймын.
Кез келген халықаралық юрисдикцияның ұзақ мерзімді тартымдылығын қамтамасыз ететін басты шарт – сот төрелігінің тиімділігі.
Сондықтан Алатау қаласында сот төрелігін сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз ететін сот жүйесін құру қажет.
Ағылшынның жалпы құқық үлгісіне негізделген инвестициялық сот коммерциялық істерді қарайды.
Ал арнайы құқықтық режимге қатысты өзге де барлық мәселе азаматтық соттың құзыретіне беріледі.
Үкімет 2027 жылғы қаңтардың соңына дейін «Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңға тиісті түзетулерді Құрылтайдың қарауына енгізуі керек», — деді.