Мемлекет басшысы мұны Жолдауда айтты.
«Ірі байлық иелері үшін жоғары мөлшерлеме енгізу мәселесін талқылайтын уақыт келді деп есептеймін.
Ешкім заңды жолмен сатып алынған активтерді қандай да бір жолмен шектеуді көздеп отырған жоқ екенін атап өткім келеді. Бұл Конституцияның өзіне қайшы болар еді.
Мәселе әрбір азаматтың еліміздің дамуына шамасына сай, адал үлес қосуында. Мәселе әділдікте.
Үкімет пен Құрылтай бұл мәселені зерделеп, ұсыныстар енгізуі керек», — деді.