Alatau City Bank 500 млн доллар көлеміндегі коммерциялық қағаздар бағдарламасын AIX-те тіркеген алғашқы эмитент атанды, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
Бағдарламаның жалпы көлемі – 500 млн долларға дейін, бүгін әрқайсысы 100 млн доллардан екі транш орналастырылды. Дисконттық (купонсыз) бұл қағаздар 6 және 12 ай өтеу мерзімімен шығарылады.
Коммерциялық қағаздар – депозиттердің баламасы: олар компанияларға қаражатты тез әрі кепілсіз тартуға, ал инвесторларға болжамды кірісі бар қысқа мерзімді құралдарға салым жасауға мүмкіндік береді.
AIX нарықтар мен өнімдер жөніндегі басқарушы директоры Біржан Астаев атап өткендей, «бұл — AIX алаңындағы алғашқы коммерциялық облигациялар шығарылымы, және біз Alatau City Bank-ті өзінің дебюттік Бағдарламасының тіркелуімен құттықтаймыз. Бұл маңызды кезең AIX ұсынған жаңа өнімдерге нарықтың оң көзқарасын, инфрақұрылымымызға деген сенімнің артуын және қысқамерзімді қаржыландыру мен қаржылық икемділікті көздейтін эмитенттердің қызығушылығының өскенін көрсетеді».
Қазақстан нарығы үшін бұл маңызды прецедент. Коммерциялық қағаздар анағұрлым белсенді корпоративтік қаржыландыруға және инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.