Kaspi.kz – KASE Қазақстан қор биржасында тіркелген ең құнды көпшілік (акциясы биржада сатылатын) компания. Компания акцияларының жалпы нарықтық құны 10,3 трлн теңгеге немесе 20 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Миноритар акционерлер қауымдастығы.
Одан бөлек, отандық көпшілік компаниялар құны мынадай:
- «ҚазМұнайГаз» – 8,8 трлн теңге немесе 17,1 млрд доллар;
- Қазатомөнеркәсіп – 5,1 трлн теңге немесе 9,9 млрд доллар;
- Halyk Bank – 2,6 трлн теңге немесе 5,1 млрд доллар;
- Kcell – 680,7 млрд теңге немесе 1,3 млрд доллар;
- Қазақтелеком – 468,4 млрд теңге немесе 909 млн доллар.
Биржа индексі бойынша ең арзан жария компания Air Astana болды. KASE мәліметтері бойынша оның акцияларының құны 283,5 млрд теңге немесе 550 млн доллар.
10 индекстік компанияның (оның ішінде ЦКБ, ҚазТрансОйл және KEGOC) жалпы құны 57 млрд долларға жетті.
Сондай-ақ, Solidcore (бұрынғы Polymetal) акциялары тек AIFC AIX биржасында саудаланады. Компанияның дауыс беретін акцияларының жалпы саны бағаланған 473,6 млн доллар. Компанияның капиталдандыруы 1,38 млрд долларға жетеді.
AIX листингіндегі Fic Price капитализациясы 1 млрд доллардан асады.