2024 жылы Ұлттық қор 3,2 трлн теңгеге ұлғайып, 33 трлн теңгеге жетті

2024 жылы Ұлттық қор 3,2 трлн теңгеге ұлғайып, 33 трлн теңгеге жетті

2024 жылы Ұлттық қор небәрі 3,2 трлн теңгеге өсті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 1 қаңтардағы деректерінде айтылған.

Өткен жылдың басында Ұлттық қордың көлемі 29,8 трлн теңге болса, соңында 33 трлн теңге болды. Жыл ішінде қорға түсім 8,82 трлн теңгеге, ал пайдалану 5,62 трлн теңгеге жетті. Салыстыру үшін: 2023 жылы бұл көрсеткіштер сәйкесінше 6,4 трлн және 4 трлн теңге болды.

Ұлттық қорға мұнай секторынан 3,8 трлн теңге салық және 4,98 трлн теңге инвестициялық кіріс (2024 жылдың тоғыз айында) Ұлттық қор қаражатын түрлі бағалы қағаздар мен басқа да құралдарға инвестициялау нәтижесінде пайда болды.

Ұлттық қордың 5,62 трлн теңге қаражаты 2 трлн теңге кепілдік берілген трансферттер және республикалық бюджетке 3,6 трлн нысаналы трансферттер түрінде игерілді. Тағы 21 млрд теңге қорды басқаруға және аудит жүргізуге жұмсалды.

Алғашында Үкімет 2024 жылдың бюджетіне Ұлттық қордан бөлінетін нысаналы трансферт көлемін 1,6 трлн теңге деңгейінде енгізсе, жыл соңына дейін бюджет тапшылығына байланысты тағы 2 трлн теңге сұрады. Нәтижесінде нысаналы трансферттің көлемі Президент жарлығымен 3,6 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды.

Желтоқсанда Ұлттық қор 199,6 млрд теңгеге қысқарды. Осы айда қорға 112,9 млрд теңге түссе, 312,5 млрд теңге шығарылды.