2024 жылғы қаңтар-желтоқсан кезеңінде жарнамалық қызмет және нарық конъюнктурасын зерттеу саласындағы қызмет көлемі 760,5 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда ақшалай мәнде 50% артық.
Жарнама агенттіктері 642,8 млрд теңгеге қызмет көрсетті, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 43,8% артық.
Бұқаралық ақпарат құралдары 51,5 млрд теңгеге жарнама орналастырды, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,6 есе көп (2023 жылдың қаңтар-желтоқсанында — 11,1 млрд теңге).
Нарық конъюнктурасын зерттеу және қоғамдық пікірді зерделеу бойынша 66,1 млрд теңгеге қызмет көрсетілді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,4% артық.
Өңірлік бөліністе қызметтердің ең көп көлемі Алматыда көрсетілген — 663,3 млрд теңге, бұл нарықтың жалпы көлемінің 87%-нан асады.