2024 жылғы 81 млрд доллар экспорттың 43 млрд доллары мұнай

2024 жылғы 81 млрд доллар экспорттың 43 млрд доллары мұнай

Қазақстанның экспорттық кірісі 2024 жылы 81 млрд долллардан асты. Бұл соманың жартысынан астамы, яғни 42,9 млрд доллар  шикі мұнайға тиесілі, бұл бүкіл қазақстандық экспорттың 52,5% құрайды. Сонымен қатар, ел сыртқы нарыққа  уран (4,6 млрд доллар), мыс және мыс катодтарын (4,1 млрд доллар), сондай-ақ мыс кендері мен концентраттарын 3,2 млрд доллар) белсенді түрде жеткізді. 

Ферроқорытпаларға, табиғи газға, бидайға және мұнай өнімдеріне тұрақты сұраныс сақталып отыр.

2024 жылы техника, көлік және фармацевтика саласында импорт белсенділігімен ерекшеленді. Ең үлкен көлем жеңіл автомобильдерге (2,3 млрд доллар), ұшу аппараттарына (1,8 млрд доллар), дәрілік препараттарға (1,7 млрд доллар) және телекоммуникациялық жабдыққа тиесілі болды. Қазақстандық нарық дайын бұйымдарды да, жиынтықтауыштарды — шанақтарды, қосалқы бөлшектерді, есептеу техникасын да импорттай отырып, жаһандық өндірістік тізбекке кіруін жалғастыруда.

2025 жылдың басы осы тенденциялардың тұрақтылығын растады. Қаңтар айында Қазақстанның экспорты 4,5 млрд доллаоды құрады, оның 60%-ы тағы да мұнайға тиесілі. Жеткізу құрылымында мыс, ферроқорытпа, бидай, сондай-ақ уран, табиғи газ және күнбағыс майымаңызды позициялар болып қала берді. Қаңтарайында импорт 2,8 млрд долларынан асты. Жетекші санаттарға телефон, автомобиль корпустары, дәрі-дәрмектер және жеңіл автомобильдер жатады. Сондай-ақ құрылыс техникасы мен қозғалтқыштарды жеткізудің өсімі байқалады.

Шикізат экспорты мен жоғары технологиялықөнім импорты арасындағы теңгерімнің сақталуы Қазақстанның сыртқы экономикалық бағытының орнықтылығын растайды.