Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға қойылатын жеткіліктілік шегі қайта көтерілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Сонымен қатар Ұлттық банк зейнетақы активтерінің табыстылығын арттыруды жоспарлап отыр.

Президент төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Тимур Сүлейменов зейнетақы активтерін басқару туралы есеп берді. 2025 жылы олардың көлемі 12%-ға өсіп, 25,1 трлн теңгеге жетті, ал инвестициялық табыс 1,8 трлн теңгені құрады.

«Биыл Ұлттық қор тәжірибесіне ұқсас түрде ұзақ мерзімді табыстылықты арттыру үшін акциялар мен баламалы қаржы құралдары сияқты жоғары табысты активтердің үлесін көбейтуді жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге болашақта лайықты зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету үшін табысты алмастыру коэффициентін арттыру қажет. Бұл зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға қойылатын шекті талаптарды қатаңдатуды талап етеді», – деді Тимур Сүлейменов.