БЖЗҚ-дан қаражат алу ықтимал зейнетақы реформасы туралы соңғы мәлімдемелер аясында қайтадан қарқынды өсуде
Қараша айында тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында зейнетақы жинақтарын біржолғы төлеуге 56,6 мың өтінім орындалды, бұл қазан айымен салыстырғанда төрттен бірге көп. Алынған ақша өткен айда 46,3 млрд теңгеге жетті.
Емделу мақсатындағы 20,8 мың өтінім орындалды, бұл қазан айымен салыстырғанда 58% артық; ақшалай 55% өсіп, 20,5 млрд теңге болды.
Тұрғын үй алу және емделу үшін қаражат алуды күшейту шілде айында басталғанын еске сала кетейік, ол кезде БЖЗҚ-дан қаражат шешуді тоқтату туралы әңгіме тараған еді. Нәтижесінде шілде айындағы көрсеткіштер – өтінімдердің көлемі де, саны да – бірінші жартыжылдықтағы орташа мәннен екі есе жоғары болды.
Одан кейінгі айларда үй алу үшін ақшаны шешіп алу бәсеңдемеді. Бірақ емделуге аөша алу азайды. Дегенмен, қазір ол өтініштер саны бойынша шілде айындағы өсімнен де асып түсті, ал сомасы 18% аз болды.
Қарашадағы белсенділік зейнетақы жүйесіндегі ықтимал өзгерістерге қатысты жаңа мәлімдемелермен байланысты болды. Айдың басында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы Светлана Жақыпова жұмыс істейтін зейнеткерлерге бюджеттік төлемдерді олар жұмыстан шыққанға дейін тоқтата тұру идеясын көтерді. Бұл идеяға сәйкес, мұндай жағдайда жинақталған қаражат зейнетке ерте шыққысы келетіндерге (еңбек өтілі мен жарна мөлшері сияқты белгілі бір шарттарды ескере отырып) бағытталуы мүмкін.