ЦентрКредит Банкі исламдық банкинг ашпақ

«ЦентрКредит Банкі» АҚ исламдық банк операцияларын жүргізуге лицензия алуды жоспарлап отыр. Бұл мәселе 2026 жылғы 25 қарашада өтетін акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында қаралады. Бұл туралы банк 22 қазанда Astana International Exchange биржасы хабарлады.

Жиналысты банктің директорлар кеңесі шақырған. Акционерлер исламдық банк операцияларын жүргізуге лицензия алу мәселесінен бөлек, банк жарғысына өзгерістер енгізуді және Исламдық қаржы жөніндегі кеңеске кандидаттарды тағайындаудык қарастырады.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 22 қазандағы жағдай бойынша жасалған бағалы қағаздарды орталық депозитарий ұсынған акционерлер тізілімі негізінде қалыптастырылады.

Егер жиналыста кворум болмаса, акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2026 жылғы 27 қарашада қайта өткізіледі.