Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, теңгенің нығаюы дүкендердегі бағаның дәл тура сондай деңгейде мөлшерде арзандауына әкелмейді.
«Қырылдақ әсері деген бар: бір рет өскен баға бұрынғы деңгейіне сирек қайтады», – деді ол.
Алайда, доллардың арзандауы тауар құнын төмендетпесе де, қымбаттауын тежейді.
Қазақстан азық-түліктің шамамен 28%-ын, ал аралық және инвестициялық тауарлардың 58%-ын шетелден әкеледі. Сондықтан теңге бағамы шетелден сатып алынатын тауарлардың құнына тікелей әсер етеді.
Сүлейменовтің мәліметінше, теңге Ресей рубліне қатысты шамамен 18%, ал АҚШ долларына қатысты 12% нығайған. Бұл аталған валюталармен есеп айырысатын қазақстандық компаниялар үшін импорт құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Қырылдақ — техникада бөлшектердің бір бағытта айналуын қамтамасыз ететін немесе кері айналуына кедергі жасайтын тісті доңғалақ немесе тетік.