Зейнетақы қаражатын қай компания көбірек көбейтті?

Халықтың зейнетақы активтерін басқаратын компаниялардың 2026 жылдың басынан 1 тамызға дейінгі инвестициялық табыстылығы айтарлықтай ерекшеленді. Кейбір басқарушы компаниялар осы кезеңде жинақталған инфляциядан жоғары табыс көрсетсе, енді бір бөлігі инфляция деңгейін де еңсере алмады.

Зейнетақы активтері қалай жұмыс істейді?

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-да жай ғана сақталмайды. Қор активтерді әртүрлі қаржы құралдарына инвестициялайды. Оның мақсаты – инвестициялық табыс алу және жинақтардың инфляция салдарынан құнсыздануына жол бермеу.

2026 жылдың басынан 1 тамызға дейін Қазақстандағы жалпы инфляция 5,6% болды.

Зейнетақы активтерін басқаратын компаниялардың осы уақыттағы табыстылығы:

  • «Сентрас Секьюритиз» – табыстылығы 9,7% болды, басқаруындағы актив көлемі – 18,9 млрд теңге.

  • Halyk Finance – 6,3%, актив – 71,9 млрд теңге;

  • BCC Invest – 6,3%, актив – 17,7 млрд теңге;

  • Halyk Global Markets – 6,1%, актив – 6,7 млрд теңге.

Қалған басқарушылар инфляциядан төмен нәтиже көрсетті

  • Alatau City Invest – 5,5%, актив – 21,7 млрд теңге;

  • Қазақстан Ұлттық Банкі – 4,4%, актив – 26,9 трлн теңге;

  • Tansar Capital – 1,1%, актив – 568,2 млн теңге.

Осылайша, 2026 жылдың алғашқы жеті айында зейнетақы активтерін басқаратын жеті ұйымның төртеуі ғана инфляциядан жоғары инвестициялық табыс көрсетті.