Зейнетақы активтері – ұзақ мерзімді инвестиция

Зейнетақы активтері – ұзақ мерзімді инвестиция

Жылдың басында қазақстандықтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шоттарындағы қаражат көлемінің азайғанын байқады. Бұл жағдай халық белгілі бір сұрақтарды тудырды. Жағдайды Zakon.kz берген сұхбатында Ұлттық банкінің төраға орынбасары Әлия Молдабекова түсіндірді.

«Бірден атап өткім келеді: бұл нарықтағы активтердің бағамдық құн қайта есептелуінің нәтижесі. Демек, алаңдауға негіз жоқ, себебі сәуір айында инвестициядан түскен оң нәтиже (+)215 млрд теңгені құрап, жыл басындағы шығынның көп бөлігін жапты. Мұнда екі негізгі себеп бар. Біріншісі – Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарының табыстылығының артуы. Табыстылық өскен сайын облигациялар бағасы төмендейді. Бұл инфляциялық күтулер мен республикалық бюджеттің тапшылығын жабу мақсатында Қаржы министрлігінің облигациялар ұсынуын көбейтуіне байланысты.

Екінші себеп – теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамының 525,11-ден 512,34 теңгеге дейін нығаюы. Бұл валюталық активтердің теңгемен есептелген бағасын төмендетті. Айта кету керек, бұл – қағаз жүзіндегі, яғни іске аспаған залал. Егер нарықтағы жағдай қалпына келсе немесе бағам өзгерсе, бұл шығындар табыспен өтеледі», – деп атап өтті Молдабекова.

Зейнетақы активтері – ұзақ мерзімді инвестиция. Қысқа мерзімді ауытқулар – қалыпты құбылыс. Нағыз тиімділікті бір жылдық немесе одан да ұзақ мерзімдегі көрсеткіштер арқылы бағалау қажет.

«Мысалы, соңғы 12 айда (2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы сәуірге дейін) зейнетақы портфелінің табыстылығы 13,35%-ды құрады, ал инфляция 10,7% болды. Яғни нақты табыс оң нәтиже көрсетті, жинақтар өсуде», – деді Әлия Молдабекова.

Бүгінде БЖЗҚ-да 22,6 трлн теңге жинақталған. Зейнетақы жинақтары жай жатпайды, олар инвестицияланады – бұл халықаралық тәжірибе. Активтерді басқарумен Ұлттық банк пен жекеменшік басқарушы компаниялар айналысады. 

«Портфель 60% теңгемен, 40% шетел валютасымен диверсификацияланған. Бұл – табыстылықты теңгерімдеуге және валюталық тәуекелді төмендетуге мүмкіндік береді.

Инвестиция облигацияларға, акцияларға, депозиттерге және басқа қаржы құралдарына салынады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша инвестициялық табыстылық – 17,84%, ал инфляция – 8,6%. Яғни нақты табыс жоғары. Бір жылдағы жалпы инвестициялық табыс – 3,4 трлн теңге. БЖЗҚ ай сайын портфель құрылымы мен табыс туралы есепті ресми сайтында жариялап отырады – барлығы ашық», – деп хабарлады Ұлттық банк өкілі.

Сонымен қатар Қазақстан эмитенттерінің қаржы құралдарына инвестициялау – қалыптасқан және тиімді тәжірибе. БЖЗҚ қаражаты «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сынды сенімді эмитенттердің облигацияларына салынады. Бұл компаниялардың кредиттік рейтингтері жоғары, мемлекетпен тең дәрежеде. Олар бұл қаражатты энергетика, көлік, инфрақұрылым, Маңыздысы – бұл инвестициялар тек нарықтық талаппен, қайтарымды және ақылы негізде жүзеге асырылады. Яғни зейнетақы активтері кәдімгі инвестор ретінде жұмыс істейді.

«Бұл тәсіл тұрақты табыс алып қана қоймай, ел экономикасын қолдауға мүмкіндік береді.

Қазақстандықтардың ақшасы, ең алдымен, ел ішінде жұмыс істеуі тиіс – инфрақұрылымды дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін. Ұлттық банк эмитент пен инвестор мүдделерін нақты бөліп көрсетеді. Барлық инвестициялық шешім тек салымшылар мүддесіне сүйене отырып қабылданады», – деді Молдабекова.

Жалпы валюталық әртараптандыру сақталады: активтердің 40%-ы валютада қалады. Портфельдің валюталық бөлігін табысы жоғары активтерге – акциялар мен баламалы құралдарға бағыттау жоспарлануда. Бұл тәсіл ұлттық қор мен алтын-валюта резервтерін басқаруда бұрыннан қолданылып келеді. Жеке басқарушы компаниялардың рөлін дамыту жалғасады. Бүгінде салымшылар зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін жеке компанияларға бере алады.