Xiaomi T-сериясындағы жаңа смартфондарын — Xiaomi 17T және Xiaomi 17T Pro құрылғыларын таныстырды.

Leica-ның 5 есе телефото объективі, көзді қорғау технологиялары бар дисплей және сыйымдылығы ұлғайтылған аккумулятормен жабдықталған Xiaomi 17T Series жұқа әрі стильді корпуста флагмандық деңгейдегі фото және видео түсіру мүмкіндіктерін ұсынады.

T-серия тарихында алғаш рет жаңа құрылғылар бірден екі түрлі корпус өлшемінде ұсынылып отыр. Бұл пайдаланушыларға күнделікті қолдануда көбірек мүмкіндік береді.

Сәттерді әсерлі оқиғаға айналдыру: Мастер-телефото және Leica Live Moment

Leica оптикасы мен Xiaomi-дің мобильді түсірудегі озық технологияларын үйлестірген Xiaomi 17T Series жоғары айқындық пен детализацияны қамтамасыз ететін 50 МП негізгі модулі бар үштік камерамен жабдықталған.

Xiaomi 17T Pro моделінде 1/1,31 дюймдік ірі сенсор, ал Xiaomi 17T құрылғысында 1/1,55 дюймдік сенсор орнатылған. Екі модельде де Leica UltraPure оптикалық жүйесі және Leica Summilux 1G + 6P гибридті объектив конструкциясы қолданылады. Бұл шешімдер жоғары детализация мен ерекше айқындықты қамтамасыз етеді.

Сериядағы барлық модельдердегі кең диафрагма кең динамикалық диапазон мен әсерлі тереңдік эффектісін жасауға мүмкіндік береді.

Алғаш рет Xiaomi 17T Series желісіндегі екі модель де Leica-ның 5 есе телефото объективімен жабдықталды. Бұл түсіру мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді. Камера OIS қолдауымен 50 МП суреттер түсіреді және 30 см қашықтықтағы макротүсірілімнен бастап, оптикалық деңгейдегі 10 есе зумға, сондай-ақ 120 есеге дейін үлкейтетін AI Ultra Zoom функциясына дейінгі түрлі сценарийлерді қамтиды.

Бұл жақын және алыс пландар арасында бірқалыпты ауысуды қамтамасыз етіп, авторларға әртүрлі фокустық қашықтықтармен жұмыс істеуде көбірек еркіндік береді.

Телефото объективі видео түсіру мүмкіндіктерін де кеңейтеді. Әсіресе Xiaomi 17T Pro моделі Xiaomi сериясындағы смартфондар арасында алғаш рет 4K форматында секундына 60 кадрмен кинематографиялық видео жазуды қолдайды. Бұл табиғи боке эффектісін қалыптастырып, кадрды анағұрлым әсерлі етеді.

Stage секілді арнайы режимдер күрделі жарық жағдайларында фото және видео сапасын жақсартып, концерт, қойылым және басқа да динамикалық сәттерді анық түсіруге мүмкіндік береді.

Классикалық фотосурет түсіру мүмкіндіктерін кеңейте отырып, Xiaomi 17T Series Leica Live Moment функциясын ұсынады. Бұл функция шешуші сәтті ғана емес, оған дейінгі қозғалыс пен эмоцияларды да сақтайды.

Leica Live Moment қозғалыс динамикасы мен бір сәттік эмоцияларды жеткізіп, күнделікті көріністерге тереңдік пен мазмұн береді. Функция негізгі камералардың барлық фокустық қашықтықтарында қолжетімді және Leica-ның фирмалық эстетикасын сақтай отырып, әртүрлі ракурстарда біртұтас визуалды стиль қалыптастырады. Нәтижесінде бір кадрдың шегінен шығатын, әсерлі әрі көпқабатты визуалды оқиға пайда болады.

Leica Live Portrait бұл мүмкіндіктерді портрет режимінде одан әрі кеңейтіп, табиғи боке эффектісін қосады. Соның арқасында кадрдағы нысан фоннан анығырақ бөлініп, қозғалыс бірқалыпты әрі табиғи көрінеді. Leica Live Moment арқылы түсірілген суреттер үшін Leica-ның жаңа эксклюзивті сутаңбалары қолжетімді. Сонымен қатар бірнеше сәтті біріктіріп, әлеуметтік желілерге арналған коллаждар жасауға болады.

Xiaomi 17T Pro моделіне эксклюзивті ұсынылған Live Cinematography функциясы шығармашылық мүмкіндіктерді кеңейтеді. Атап айтқанда, Ultra-HD Live Moment форматында 4K түсірілімді, сондай-ақ Freestyle және Portrait Live Cinematography режимдеріндегі бірқалыпты масштабтау эффектілерін қолдайды.

Флагмандық дисплей: жарқын бейне және интеллектуалды көз қорғау технологиясы

Xiaomi 17T сериясы пайдаланушылардың қажеттіліктерін ескере отырып жасалған және алғаш рет көзді қорғауға арналған Xiaomi Vision Care кешенді технологияларымен жабдықталды. Медициналық зерттеулер мен дәл инженерлік баптауларға негізделген жүйе қоршаған орта жарығына қарай бейнені автоматты түрде бейімдейді. Бұл көк жарықтың, экран жыпылықтауының және қозғалыс кезіндегі бұлыңғырлықтың әсерін азайтып, смартфонды күні бойы жайлы пайдалануға мүмкіндік береді.

Осы технологиялардың арқасында Xiaomi 17T Series TÜV Rheinland Quadruple Eye Care сертификатын алған алғашқы серия атанды. Сонымен қатар Xiaomi тарихындағы алғашқы TÜV Rheinland Intelligent Eye Care сертификаты да осы құрылғыларға берілді.

Кескін сапасының негізінде ең жоғары жарықтығы 3500 нитке дейін жететін 1.5K AMOLED дисплей жатыр. Ол тіпті күн сәулесі қатты түскен жағдайда да анық бейне мен дәл түстерді қамтамасыз етеді.

Xiaomi 17T Pro қараңғы ортада көру жайлылығын арттыру үшін 1 нит деңгейіндегі минималды жарықтықты аппараттық деңгейде қолдайды.

Бейне тек анық қана емес, сонымен қатар өте бірқалыпты көрсетіледі: Xiaomi 17T Pro 144 Гц-ке дейінгі жаңарту жиілігін, ал Xiaomi 17T 120 Гц-ке дейінгі жаңарту жиілігін қолдайды.

Экран айналасындағы ультра жұқа жиектер пайдаланушыны толықтай бейнеге енгізетін эффект қалыптастырып, назарды экранға шоғырландыруға көмектеседі. Xiaomi 17T Pro моделінде бұл LIPO дисплей қаптау технологиясының арқасында жүзеге асқан. Нәтижесінде экранның төрт жағындағы жиектердің қалыңдығы бірдей — небәрі 1,29 мм.

Xiaomi 17T ықшам әрі жеңіл корпусқа ие болды. Дизайн бір қолмен ыңғайлы пайдалануға бейімделген және мобильділік пен жайлылықты бағалайтын қолданушыларға арналған.

Серия дизайны классикалық эстетика мен заманауи стильді үйлестіретін жаңа түстік шешімдермен толықтырылған.

Xiaomi 17T Pro қанық көк, қанық күлгін және қара түстерде ұсынылады.⁴ Ал Xiaomi 17T күлгін, көк және қара түстерде қолжетімді.

Бүйір қырларындағы ұқыпты жылтыратылған әрлеу құрылғыларға заманауи келбет береді. Ал кішірейтілген әрі төмен орналастырылған камера блогы смартфонның сымбатты силуэтін айқындай түседі. Корпустың микроиілген қырлары құрылғыларды қолға ұстауды одан әрі ыңғайлы етеді.

Қуат пен өнімділік — мінсіз үйлесімде

Xiaomi 17T сериясындағы камера мен дисплейдің кеңейтілген мүмкіндіктері қуатты аппараттық платформамен қамтамасыз етілген. Екі модель де энергия тығыздығы жоғары әрі ұзақ мерзімді тұрақты өнімділікті қамтамасыз ететін жаңа буындағы кремний-көміртекті аккумулятормен жабдықталған.

Xiaomi 17T Pro 7000 мАсағ сыйымдылықтағы аккумулятормен жабдықталған. Бұл — халықаралық нарықтағы Xiaomi сериясындағы смартфондар арасындағы ең үлкен аккумуляторлардың бірі. Алдыңғы буынмен салыстырғанда сыйымдылық 27%-ға артқан. Соның арқасында құрылғы қалыпты қолдану кезінде орта есеппен 1,88 күн жұмыс істейді және ең белсенді пайдаланушыларға да толық бір күндік автономды жұмыс уақытын ұсынады.

Смартфон 100 Вт қуаттағы сымды HyperCharge және 50 Вт қуаттағы сымсыз HyperCharge технологияларын қолдайды. Бұл құрылғыны кез келген уақытта жылдам қуаттауға мүмкіндік береді.

Ықшамды корпусына қарамастан, Xiaomi 17T 6500 мАсағ⁶ аккумулятормен жабдықталған. Бұл алдыңғы буынмен салыстырғанда 18%-ға жоғары көрсеткіш. 67 Вт HyperCharge¹⁰ қолдауымен бірге бұл смартфонды күні бойы сенімді пайдалануға жағдай жасайды.

Сонымен қатар екі модель де тиісінше 100 Вт PPS⁹ және 50 Вт PPS технологияларын қолдайтындықтан, үшінші тараптың қуаттау құрылғыларымен үйлесімді жұмыс істейді.

Энергия тиімділігін жоғары өнімділікке арналған екі оңтайландырылған чипсет толықтырады.

Xiaomi 17T Pro 3 нм техпроцесімен жасалған MediaTek Dimensity 9500 платформасында жұмыс істейді. Ал Xiaomi 17T 4 нм архитектурасындағы MediaTek Dimensity 8500-Ultra чипсетімен жабдықталған.

Екі чипсет те CPU, GPU және AI өнімділігін айтарлықтай арттырып, көптапсырмалы режимде және заманауи мобильді ойындарда жоғары жылдамдық пен жедел жауап беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Тұрақты өнімділікті сақтау үшін Xiaomi 3D IceLoop салқындату жүйесі қолданылады. Бу мен сұйықтықты тиімді бөлу технологиясы негізгі чипсеттен жылуды жылдам шығарып, жоғары жүктеме кезінде де құрылғының тұрақты жұмысын және корпус температурасының жайлы деңгейде сақталуын қамтамасыз етеді.

Xiaomi 17T және Xiaomi 17T Pro негізгі бағыттардың барлығы бойынша кешенді жаңартуларға ие болды. Leica Live Moment функциясы мен әмбебап телефото объективі бар жетілдірілген камера жүйесінен бастап, сыйымдылығы артқан аккумулятор мен жоғары өнімділікке дейінгі жаңашылдықтар Xiaomi T-сериясын жаңа деңгейге көтереді.

Бағасы және Қазақстандағы сатылымы

Xiaomi 17T Series смартфондары Қазақстанда келесі жад конфигурацияларымен сатылымға шықты:

  • Xiaomi 17T Pro (12+1024 ГБ) — 469 990 теңге
  • Xiaomi 17T Pro (12+512 ГБ) — 419 990 теңге
  • Xiaomi 17T Pro (12+256 ГБ) — 389 990 теңге
  • Xiaomi 17T (12+512 ГБ) — 329 990 теңге
  • Xiaomi 17T (12+256 ГБ) — 289 990 теңге

2026 жылдың 28 маусымына дейін Xiaomi 17T сериясындағы смартфондарды сатып алған жағдайда:

Xiaomi Smart Band 10 Pro — mi.com сайтында, Kaspi.kz платформасындағы ресми дүкенде, Aport Mall East және Dostyk Plaza сауда орталықтарындағы фирмалық Xiaomi Store дүкендерінде, сондай-ақ Xiaomi Authorized Store авторизацияланған дүкендерінде сатып алған жағдайда.

Gift Box — Xiaomi-дің фирмалық және авторизацияланған дүкендерінде сатып алған кезде.

Сонымен қатар, Xiaomi 17T Series сатып алушылары қосымша ақысыз бірнеше артықшылыққа ие болады: Google AI Pro сервисіне 3 айлық жазылым; YouTube және YouTube Music платформаларында жарнамасыз көру мен офлайн жүктеуді қамтитын YouTube Premium сервисіне 3 айлық жазылым; жарнамасыз тыңдау, офлайн жүктеу және дыбыс сапасын жақсарту мүмкіндіктері бар Spotify Premium сервисіне 4 айлық жазылым.

Верификация

Xiaomi компаниясы 24 наурыздан бастап күшіне енген ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу ережелеріндегі өзгерістерді еске салады. Жаңа талаптарға сәйкес, Қазақстан аумағына әкелінетін барлық смартфондар верификация рәсімінен өтуі тиіс. Верификация нәтижесі бойынша мобильді құрылғылар келесі тізімдердің біріне енгізіледі: “Ақ тізім” — верификациядан сәтті өткен және ешқандай шектеусіз тіркелген құрылғылар; “Сұр тізім” — уақытша рұқсат берілген, бірақ иелері 30 күн ішінде құрылғының елге заңды түрде әкелінгенін растауы тиіс құрылғылар; “Қара тізім” — заңсыз әкелінген, қолдан жасалған немесе ұрланған құрылғылар. Мұндай смартфондар бұғатталады.