Шахмұрат Мүтәліптің иелігіндегі Nature Energy Solutions Ltd компаниясы осыған дейін Патох Шодиев (18,6%) пен Александр Машкевичтің мұрагерлерінің (20,7%) иелігінде болған ERG компаниясының 39,3% акциясын сатып алды.
ERG-дің барлық кәсіпорындары қазір қалыпты жұмыс істеп тұр. Бұл өзгерістер бизнестің орнықтылығын одан ары нығайтуға, корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыруға әрі Топтың ұзақмерзімді стратегиялық мақсаттарын іске асыруға бағытталған, деп жазады компания.
Өзгерістер кәсіпорындардың күнделікті жұмысына, өндірістік бағдарламаларды іске асыру мен қызметкерлер, серіктестер мен мемлекет алдындағы міндеттемелерді жүзеге асыруға ешбір кері әсер етпейді, делінген.
Айта кетейік, Мүтәліп Қазақстандағы ең байлар тізімінде 22-орында. Дәулеті 482 млн доллар.