Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ халықтың көші-қоны мәселелеріне қатысты заң жобасы аясында жұмысқа орналасу кезінде кәсіби біліктілік сертификаттарын пайдалануға рұқсат беру ұсынылды.
«Дипломдардың маңызын төмендетпейміз. Кәсіби біліктілікті тану туралы құжат қосымша құрал болады. Мысалы, адамның дипломы болмаса да ол өзінің кәсіби біліктілігін дәлелдей алады. Дәл осындай жағдайларда сертификат қабылданады», — деп түсіндірді еңбек вице-министрі Ербол Тұяқбаев.
Бұл норма қызмет көрсету саласына, қонақүй бизнесіне, шаштараз және басқа да қызмет түрлеріне қатысты болмақ.
Сонымен қатар құжатта жұмыс берушілердің колледждердің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысатыны айтылған.