Women in Tech CCA Awards жеңімпаздары белгілі болды

Women in Tech CCA Awards жеңімпаздары белгілі болды

Алматы қаласында Орталық Азия мен Кавказдың 10 елінде, сонымен қатар халықаралық қауымдастығында технологиялар саласында жұмыс істейтін новатор және көшбасшы әйелдерді біріктіретін Women in Tech CCA Awards беделді салтанатты шара алғаш рет ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара Киото, Торонто, Брюссель, Йоханнесбург, Париж және әлемнің басқа да қалаларында дәстүрлі түрде өтетін Women in Tech Awards ғаламдық серияның бөлігіне айналды.

Премияның серіктестері мен демеушілері қатарында Freedom, Mastercard, Bank CenterCredit, Altyn Bank, AllurAuto, Chevron секілді өңірдің жетекші компаниялары мен халықаралық брендтері бар.

2024 жылы құрылған Women in Tech Kazakhstan ұйымы қысқа мерзім ішінде ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін 2000-нан аса әйелдерді біріктіріп, 10 мыңнан аса ханымдар қатысқан 30-дан аса елеулі іс-шараларды өткізді. Бүгінгі таңда халықаралық бастамашыл жобаларға интеграция – өңірдің инвестициялық тартымдылығының басты факторы.

Women in Tech CCA Awards 2025 церемония өңірдің негізгі оқиғасына айналды. Көшбасшылық, инновациялар мен технологияларды дамыту секілді сұрақтар іс-шара басында кеңінен талқыланды. 9 номинация бойынша өңірлерден 200-ден аса өтінім түсті.

Премияға 150-ден аса қонақтар, қоғам қайраткерлері, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің өкілдері, Алматы қ. әкімдігі, қалалық мәслихат депутаттары мен Women in tech серіктестері қатысты.

Women in Tech CCA Awards 2025 премия жеңімпаздарының тізімі:

  • Best Ally Award — Дмитрий Пак, Қазақстан
  • Aspiring Teen Award — Амина Чукенова, Қазақстан
  • Best Startup Award — Мақпал Ораққызы, Қазақстан
  • Most Disruptive Award — Лейла Алиева, Әзербайжан
  • Woman in Web3 Award — Лейла Багирзаде, Әзербайжан
  • Tech Diplomacy Award — Аяжан Мұқанова, Қазақстан
  • Most Impactful Initiative Award — Саломе Мгеладзе, Грузия
  • Lifetime Achievement Award — Бекназарова Саида, Өзбекстан 
  • Global Leadership Award — Екатерина Рехерт, Қазақстан

Салтанатты жиын бағдарламасы шабытқа толы сөздерге, қызу талқылаулар мен нетворкинг мүмкіндіктеріне толы болды, түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздарға сыйлықтар тарту етілді.

Алматы қаласында өткен Women in Tech CCA Awards өңірдің инновациялар мен көшбасшылық орталығы ретіндегі статусын растап қана қоймай, Women in Tech халықаралық қозғалысты дамыту саласындағы маңызды қадамға айналды.