Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Wildberries компаниясының елдегі қойма инфрақұрылымын дамыту жоспарлары туралы айтты.
Министрдің айтуынша, Алматы мен Астанада ірі қойма кешендерінің құрылысы алдын ала жоспарланған және бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді. Жұмыстар әдеттегідей жалғасуда.
Қазіргі уақытта Wildberries компаниясының Қазақстанда шамамен 46 мың шаршы метр жалға алынған қойма алаңы бар.
«2027 жылдың бірінші тоқсанында компания Алматыда шамамен 170 мыңға жуық шаршы метрді пайдалануға береді. Компания құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде. Астанада шамамен 100 мыңға жуық шаршы метр. Бұл жұмыстың соңғы оқиғаларға қатысы жоқ, жоспарлы түрде бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді», - деді министр.