WhatsApp хабарлама да енді келісімшарт саналады

WhatsApp хабарлама да енді келісімшарт саналады

Заңдарда тауарды немесе қызметті сатып алу туралы кез келген хат алмасу келісімшарттың бір бөлігі болып есептелетіні туралы норма жазылған. Бұл туралы депутат Мұрат Әбенов Мәжілістің Instagram парақшасындағы тікелей эфир барысында айтты.

«Біз енді мынаны жазып жатырмыз: біздің кез келген әңгімеміз, кез келген бейнежазбамыз, WhatsApp-тағы кез келген хат алмасуымыз, кез келген жарнама – осының бәрі келісімшарттың құрамдас бөлігі болады. Егер біз хат алмасқан болсақ, мен Kaspi арқылы ақша жіберсем, ал сен маған – кепілдік үш жыл деп уәде берсең – осының бәрі келісімшарт. Ол орындалмаса, кәсіпкер келісімшарт болған жоқ деп айта алмайды, өйткені бізде хат алмасуда бар», – деп түсіндірді депутат.

Ол сондай-ақ, келісімшарт орындалмаса, азамат бизнестен ақшаны қайтаруды талап етпей-ақ сотқа жүгінуге құқылы екенін айтты. Оның айтуынша, кейбір судьялар мұнымен айналысқысы келмей, мәселені кәсіпкердің өзімен шешуге жібергенімен, олар бәрібір арызды қабылдауға міндетті. Егер сот тұтынушы құқығы бұзылған деп шешсе, кәсіпкер ақшаны қайтарып қана қоймай, айыппұл да төлейді.