Вахтамен жұмыс істейтіндер қай қалада қанша табады?

Вахтамен жұмыс істейтіндер қай қалада қанша табады?

2025 жылдың басынан мамырға дейін Қазақстанда вахталық жұмыс форматына қызығушылық айтарлықтай өсті. hh.kz сайтында жұмыс берушілердің белсенділігі өсіп келеді, әсіресе жұмысшы және техникалық мамандықтар бойынша. Headhunter сарапшылары осы тенденцияны ескеріп, сайт интерфейсіне жаңартулар енгіздік: енді вахталық вакансияларды табу жеңілдеді — «Жұмыс түрі: вахта» деген ыңғайлы сүзгі қосылды, арнайы іріктеме және вакансиялардың өзінде визуалды белгі пайда болды. Осының бәрі үміткерлерге өздерінің талаптарына сәйкес келетін ұсыныстарды тезірек табуға жәрдемдеседі.

Headhunter сарапшылары 2025 жылдың қаңтарынан мамырына дейінгі аралықта hh.kz мәліметтері негізінде вахталық жұмыспен қамту жағдайына қатысты аналитика әзірледі.

Вахталық жұмыс әдісі бойынша вакансиялардың ең үлкен үлесі Қарағандыда (10,6%), Алматыда (8,3%) және Астанада (8,2%) тіркелді. Сонымен бірге, Қарағанды мен Семейде ұсынылатын медианалық жалақы 300 мың теңгеден асып, бұл қалаларды вахталық жұмысты іздегендер үшін ерекше тартымды етеді. Салыстырмалы түрде ұсыныстар үлесі аз болғанымен (5,6%), ең жоғары медианалық жалақы Семейде — 325 000 теңге.

2025 жылдың қаңтарынан мамырына дейінгі кезеңде hh.kz сайтындағы вахталық жұмыс форматындағы вакансиялардың ішінде ең көп үлесті «Ораушы, жинақтаушы» мамандығы иеленді — барлық вахталық ұсыныстардың 17%-ы, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 237,1% артты. Бұл логистика мен өндіріс салаларында сұраныстың артқанын көрсетуі мүмкін.

Дәстүрлі түрде сұранысқа ие кейбір мамандықтар — «Машинист» және «Жүргізуші» — теріс динамика көрсетті: вакансия саны тиісінше 4,6% және 13,2%-ға азайды.

Осы жағдай аясында техникалық және жұмысшы мамандықтарының өсімі айқын байқалады. Мысалы, электрмонтаждаушыларға арналған вакансиялар саны 65,2%, монтаждаушылар үшін — 62,5%, ал ауысым бастықтары мен учаске шеберлері үшін — 59,5% артты. Аталған мамандықтар бойынша медианалық жалақы 200 мың теңгеден асады.