Ұлттық қорға түскен ақша алынған ақшадан 1,5 трлн теңге аз

Ұлттық қорға түскен ақша алынған ақшадан 1,5 трлн теңге аз

Ұлттық қорға мұнай секторы ұйымдарынан түсетін табыс жоспардан 2024 жылдың қорытындысы бойынша 25%-дан аз немесе 1,5 трлн теңге кем болады.

Ұлттық қорға биыл жоспар бойынша 6 трлн теңге түсуі тиіс еді. Алайда биыл мұнай өндірудің 5,1 млн тоннаға төмендеуіне байланысты Ұлттық қорға 4,5 трлн теңге ғана түседі.

Ал 2024 жылы Ұлттық қордан алынған ақшаның жалпы көлемі 6 трлн теңгеден асады. 

Бұл ретте Ұлттық қордан тікелей трансферттердің көлемі 5,6 трлн теңге.