Алматыда соңғы қоңырауға орай РФММ оқушыларына арналып Kalifarniya-ның концерті өтті. Бұл — КСЖ Freedom Life пен ҚНРҚА қолдауымен ұйымдастырылған цифрлық гигиена бойынша республикалық байқаудың жеңімпаздарына арналған сый.
Бастама білім беру мақсаты мен жарыс элементін ұштастырды. Бас жүлде — танымал қазақстандық орындаушы Kalifarniya-ның эксклюзивті концерті үшін мектеп оқушылары campdigital.ffin.life платформасында тіркеліп, цифрлық гигиена бойынша тегін онлайн курстан өтуі керек болды.
Байқау басталар алдында, 2025 жылдың наурыз айында КСЖ Freedom Life мамандары оқушылар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізді. Нәтижелер көрсеткендей, оқушылардың 61%-ы жеке деректерін енгізетін сайттардың шынайылығын тексермейді, 59%-ы барлық аккаунттар үшін бір ғана құпиясөз қолданады, 43%-ы фишинг сілтемелерін ажырата алмайды, ал 70%-дан астамы күдікті хабарламаларға тап болған, бірақ қалай әрекет ету керектігін білмеген. Сарапшылардың айтуынша, бұл сандар жаһандық үрдісті көрсетеді: балалар — интернеттің белсенді пайдаланушылары, алайда киберқауіпсіздік негіздерімен сирек танысады.

Цифрлық қауіпсіздікті үйретуге арналған байқауға Қазақстанның әр өңірінен 51 мектеп қатысты, ал тіркелген оқушылардың жалпы саны 2000-нан асты. 3 сәуір мен 15 мамыр аралығында өткен жобаның шарты бойынша жеңімпаз болып оқуды сәтті аяқтап, диплом алған оқушылар саны ең көп мектеп танылды.
Нәтижесінде көшбасшы — Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) болды: 783 оқушы онлайн-сабақтарға қатысты, оның 129-ы курсты аяқтап, арнайы диплом алды. Соңғы нүкте — Kalifarniya-ның мектеп ауласында өткен концерті болды. Бұл оқушылардың белсенді қатысуына лайықты марапат және оқу жылының жарқын қорытындысы болды.
«Мұндай жобаның бір бөлігі болу — мен үшін үлкен құрмет. Бұл жай ғана концерт емес — бұл оқушылар мен ұйымдастырушылардың бірлескен еңбегінің финалы. Жасөспірімдердің жеке деректерді қорғау, жалған ақпаратты тану, зиянсыз көрінетін сілтемелер мен хабарламалардың артында қандай қауіптер болуы мүмкін екенін үйренуге қызығушылықпен қарағанын көрдім. Бұл — расымен де қажет білім, және оларды түсінікті әрі қызықты түрде ұсынғанымызға қуаныштымын. Егер менің концертім балаларға оқуға және дамуға мотивация берсе — онда мен пайдалы іс атқардым. Шақырғандарыңызға және жылы қабылдауларыңызға рахмет!» — деді Kalifarniya концерттен кейінгі әсерімен бөлісіп.
Цифрлық гигиенаны үйрету байқауы Freedom Camp әлеуметтік жобасының бір бөлігі болды. Бұл бастаманы Freedom Life ӨСК 2019 жылдан бастап ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен жүзеге асырып келеді. Жобаның негізгі мақсаты — оқушыларда жеке деректерге ұқыпты қарау және интернеттегі жалған ақпаратты ажырату дағдыларын қалыптастыру. Ұйымдастырушылардың пікірінше, цифрлық гигиена бүгінде қаржылық сауаттылық сияқты маңызды.
Freedom Life ӨСК басқарма төрағасы Азамат Ердесов атап өткендей, жасөспірімдерді ынталандырып, оларға түсінікті тілде сөйлеу — өте маңызды:
«Біз цифрлық және қаржылық сауаттылық туралы айтқанда, бұл қосымша емес, заманауи әлемде өзін қауіпсіз әрі сенімді сезіну үшін қажет базалық білім екенін түсінуіміз керек. Балалар деректерін қалай қорғау, жеке бюджетін қалай жоспарлау, жалған мен шынайы ақпаратты қалай ажырату керектігін түсінгенін қалаймыз. Бірақ оларды оқуға қызықтыру үшін тартымды формат қажет. Kalifarniya қатысқан байқау — бұл жай ғана концерт емес, бұл — тарту құралы. Біз оқудың қызықты бола алатынын, егер мақсат, мотивация және нәтиже болса, көрсеттік. Егер бір концерт мыңдаған оқушыға интернеттегі қауіпсіздік туралы ойлануға себеп болса — онда біз дұрыс жолдамыз».
Freedom Camp жобасы бүгінде түрлі форматтарды қамтиды: жазғы лагерьлерден бастап мектептерде, колледждер мен ЖОО-ларда өтетін оффлайн сабақтар, camp.ffin.life платформасындағы онлайн-курстар, 7-арнадағы телесабақтар, тіпті бастауыш сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық ертегілер жинақтарына дейін. Бастама іске қосылған сәттен бері еліміз бойынша 8000-нан астам бала осы жобалар аясында білім алды.
Байқау аяқталғанымен, Freedom Camp жалғасуда: бұл жазда оқушыларды жаңа іс-шаралар, оқу модульдері мен шығармашылық форматтар күтуде. Олар жас ұрпақта қаржылық және цифрлық ортада жауапты әрі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын әрі қарай қалыптастыруға бағытталады.