Үкімет мобильді аударымның үшін шекті арттыруды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин депутаттық сауалға берген жауабында айтты.
Вице-премьер жеке тұлғаның табысы айына тек 1 млн теңгеден асқан жағдайда мобильді аударымдарды бақылау туралы ұсыныс әділ салық салу қағидасына қайшы келетінін атап өтті.
«Сонымен қатар, 3-5 мың теңге көлемінде мониторингке жататын төлемнің төменгі шегін белгілеу туралы ұсыныс қолдау таппайды, өйткені бөлшек сауда саласында бір өнімнің өзіндік құны осы лимиттен төмен болуы мүмкін, бірақ жалпы тауар айналымы айтарлықтай жоғары. Ресей Федерациясының тәжірибесіне келетін болсақ, банктердің жалған транзакциялармен күрес аясында клиенттердің мобильді аударымдарын бақылайтынына назар аударамыз», — делінген жауапта.