Үкімет отандық азық-түлік маркетплейсін құрмақ

Үкімет отандық азық-түлік маркетплейсін құрмақ

Үкімет отырысында Премьер-министр ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеткілікті әрі сапалы қорын қалыптастыру үшін тиімді логистиканы қамтамасыз етіп, өнімді сақтау және сату тетіктерін әзірлеу міндетін қойды.

Сауда саласын дамытуды қолдау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдарға арнайы аграрлық азық-түлік маркетплейсін құру бойынша ұсыныстар беру тапсырылды.

«Цифрлық инфрақұрылымды қалыптастыру сауда саласының одан әрі дамуына оң серпін беруге тиіс. Бұл ішкі сауда көлемін кеңейтіп қана қоймай, отандық өнімнің сыртқы нарықтарға шығуын да қамтамасыз етеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.