Үкімет коммуналды қызмет тарифін көтеруді шектеді

Үкімет коммуналды қызмет тарифін көтеруді шектеді

Үкімет коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуін қайта қарады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті.

Тарифтердің өсуі өсімдерді қайта қарау есебінен 15-20 пайыздық тармақпен шектелді:

  • электрмен және жылумен жабдықтауға – 35%-дан 20%-ға дейін;
  • сумен жабдықтау, канализация және газбен жабдықтау бойынша – 50%-дан 30%-ға дейін.

«Жыл басынан бері реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің қымбаттауы 14%-ды құрады. Алынған қаражатты энергетикалық компания инфрақұрылымды жаңартуға жұмсайды. Тек 2025 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына 150 млрд теңге инвестиция тартылса, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 1 трлн теңгеден асады», — деді Жұманғарин.