Туу көрсеткіші 20 жылдық минимумға азайды

Туу көрсеткіші 20 жылдық минимумға азайды

2024 жылы 1000 адамға шаққанда 18,29 бала аман-есен дүниеге келді. тірі туған нәрестелер болды. Көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 0,95 төмендеп, 2004 жылдан бері ең төменгі деңгейге түсті.

Соңғы 10 жылда туу көрсеткішінің төмендеу үрдісі байқалды. Көрсетілген кезеңде индикатор тек үш рет қана өсті, соның екеуі COVID-19 пандемиясы кезінде. Басқа уақытта туу көрсеткіші төмендеп отырды. Сайып келгенде, 2015 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 4,42-ге немесе шамамен 20% төмендеді.

Бүкіл Қазақстан бойынша көрсеткіш төмендеп барады, бір таңқаларлығы, көрсеткіш ең көп Маңғыстау (24,47) және Атырау (21,43) облыстары, Шымкент (23,68) қалаларында азайып келеді. Келтірілген жағдайлардың әрқайсысында көрсеткіш жыл ішінде 1000 тұрғынға шаққанда екі нәрестеден артық азайған.

Астана да жалпы үрдіске еріп келеді. Елорданың көрсеткіші орташа республикалық деңгейден көп, бірақ сонымен бірге былтырғымен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді – 1,72-ге, 19,41-ге дейін. Бұл ретте сөзсіз көшбасшы Түркістан облысы салыстырмалы түрде көп құлдырамады – 1,13-ке, 25,05-ке дейін.

Бір қызығы, туу көрсеткіші төмен өңірлерде көрсеткіш көп құлдырамаған. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысында тіркелді – 0,24-ке, 11,72 нәрестеге дейін (ең төменгі туу көрсеткіштерінің бірі) азайған. Туу деңгейі дәстүрлі түрде ең нашар болып келген Солтүстік Қазақстан облысында төмендеу салыстырмалы түрде аз 0,72 болды. Қазіргі деңгей – 9,72.

Алматыға келетін болсақ, мұнда туу көрсеткіші республикалық көрсеткіштен төмен – 15,30. 2023 жылмен салыстырғанда 0,87-ге азайған.

Тағы бір айта кетерлік жайт: ауылдық жерлерде туу деңгейі қалаға қарағанда жоғары деңгейде сақталып отыр – қалада 17,46, ал ауылда 19,67. Алайда, қалалық жерлердегідей ауылда да туу азайып барады.

Қорытындылай келе, төмендегеніне қарамастан, Қазақстанда туудың жалпы көрсеткіші әлемдік орташа деңгейден жоғары екенін атап өтеміз. Қазақстанның өзі тиісті әлемдік рейтингте ортаңғы орында.