Тегеран қаласында өткен Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы экономикалық белсенділерінің форумында Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма басшысы Нұралхан Мырзахметов Түркістан облысында 25 млн АҚШ долларына «кілем өндіретін зауыт» жобасын іске асыру бойынша «Sorena Carpet Co» ЖШС басшысы Reza Mahmoudian және Iran Carpet Export Symposium басшысы Насер Серажимен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Форум барысында B2B форматында іскерлік кездесулер өтті. Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма басшысы ирандық трактор шығарушы «Iran Tractor Co.Ltd» басшысы Наси Аббаси мырзамен, Иран Ислам Республикасының ауыл шаруашылық министрлігінің балық шаруашылығы департаментінің директоры Мехди Шахоуримен, Иран сауда және өнеркәсіп палатасының төрағасы Амир Абедимен және тағы басқа кәсіпорын басшыларымен трактор құрастыру, балық жемін өндіру, мал терісі мен жүнін қайта өңдеу салалары бойынша табысты келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар Ирандағы кілем өндірісіне машықтанған Кашан қаласына барып, «Adet Carpet Co.Ltd», «Ektiban Carpet Co.Ltd», «Sorena Carpet Co.» кілем зауыттарын аралап, жұмыстарымен танысты.
Түркістанда ирандық кілемдердің шоу-румын және кілем зауытын ашу туралы екі жақты талқылаулар жүргізді. Алдағы уақытта Ирандық кәсіпкерлер облысымыздың инвстициялық ахуалымен танысу мақсатында арнайы іссапармен келуді жоспарланып отыр.