Mastercard Экономикалық Институты (MEI) жаһандық тұтынушылық шығындар туралы бірегей мәліметтерді қамтитын жыл сайынғы Travel Trends 2025 баяндамасын жариялады. Валюта бағамдары мен геосаясат тұтынушылардың мінез-құлқына әсер етуі мүмкін болғанымен, баяндамада туристердің белгілі бір жерлерге сапарлауы саналы түрде таңдалатыны байқалады.
Әлемнің түкпір-түкпірінен сапарлайтын саяхатшылар жаңа жерлерге мақсатты түрде аттанды. Баяндамада саяхаттың негізгі үш үрдісіне назар аударылған: сауықтыру, табиғатта демалу және гастрономиялық қызығушылық.
Сауығу туризмі
Африка сауығу туризмі индустриясының ең жылдам дамып келе жатқан бағыттарының бірі. Барған сайын көбірек саяхатшылар Намибия, Кения және Оңтүстік Африкадағы спа-қонақ үйлеріне барып жатыр. Африка мен Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдерде туристердің жұмсаған ақшасының ішінде сауығу туризмінің үлесі көп. Атап айтқанда, әсіресе Намибия, Оңтүстік Африка, Таиланд және Ботсвана.
Ал осы салада ең қарқынды өсіп келе жатқан бағыттар Намибия, Кения, Оңтүстік Африка, Италия және Кук аралдары.
Сауығу туризмінде Африка елдері алдына жан салмайды.
Жабайы табиғатта демалу
Табиғатта демалуды сүйетіндер шетелге көп шыға бастады. Елдердің ұлттық табиғи парктері шетелдік туристерді қабылдауды көбейтті. Көш басында Оңтүстік Африка, Финляндия, Алжир, Жапония және Малайзия елдері. Туризмнің бұл түрінде Африка мен Оңтүстік Америка алда.
Оңтүстік Африканың ұлттық саябақтарындағы жұмсалған ақша басқа елдерден айтарлықтай асып түседі, шетелдік туристердің жұмсаған ақшасының төрттен бірі ұлттық парктерде жұмсалған.
Әр елдің «дастарханынан» дәм тату
Стамбұл туристер орташа мейрамханаға баратын бірегей елдердің ең көп гастрономиялық астанасы ретінде рейтингте көш бастады. Стамбұлда 43 ел 200 қаланың тағамынан ауыз тиюге болады.
Дәл осы бағытта еуропалық елдер жетекші орындарға ие, 100 үздік қаланың 66-сы еуропалық. 2024 жылы бір мейрамханада ең көп ел өкілдері болатын қала — Париж, онда 156 түрлі елден турист бар.
Одан бөлек, Милан, Амстердам, Дубай да тамағымен тартымды. Жалпы тамақтануды жақсы көрсетін туристер көбіне Еуропаға барады.
Альпі курорттарына келетін халықаралық туристер тамаққа көп ақша жұмсайды, Франциядағы Куршавель мен Межев және Швейцариядағы Церматт орташа шығыны ең жоғары он бағыттың қатарында.