ЦентрКредит Банкі ITS саудасына қатысушы мәртебесін алды

ЦентрКредит Банкі ITS саудасына қатысушы мәртебесін алды

ЦентрКредит Банкі ITS халықаралық сауда алаңының қатысушысы мәртебесін алды және ITS-пен бірге техникалық инфрақұрылымды құруды және сынақ операцияларын жүргізуді бастады. Алдағы айларда банк клиенттеріне ITS-те сатылатын халықаралық бағалы қағаздармен нақты мәмілелер жасау мүмкіндігі беріледі.

«Біз Қазақстанның жүйелі маңызды банктерінің бірі ЦКБ-ның ITS-ке қосылуын құптаймыз. Бұл қадам халықаралық бағалы қағаздар мен ETF саудасына қолжетімді инвесторлар санын айтарлықтай арттырады», — деп атап өтті ITS бас директоры Шыңғыс Қанапьянов.

ITS-те 3000-нан астам халықаралық бағалы қағаздар бар, оның ішінде 276 ETF, сондай-ақ акциялар мен депозитарлық қолхаттар бар. ITS-те ұсынылған халықаралық бағалы қағаздар Dow Jones Industrial Average, Nasdaq-100, S&P 500 сияқты ең ірі жаһандық индекстерге кіреді және әлемдік экономиканың 69 секторын қамтиды.

ITS бойынша сауда сессиясының ұзақтығы 18 сағатқа жуық, Астана уақыты бойынша 10:00-ден келесі күні 03:45-ке дейін. Мұндай ұзақ сауда сессиясы инвесторларға корпоративтік және экономикалық оқиғаларға жылдам жауап бере отырып, инвестициялық портфельдерді тиімді басқаруға мүмкіндік береді.