Coca-Cola мерекелік маусымның басты символы — дәстүрлі жаңажылдық керуенін жолға шығарады. 25-30 желтоқсан аралығында мерекелік жүк көліктері Алматы, Астана, Шымкент және Ақтөбе көшелерімен жүріп өтіп, жұртқа көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды және жылы сәттердің маңыздылығын еске салады.
Биылғы керуеннің концепциясы жаңарып, қонақтар үшін тың мүмкіндіктер қосылды. Жобаға стратегиялық серіктес ретінде Allur компаниясы қосылып, extrazone қолданбасындағы ұтыс ойыны үшін автокөліктер тікті. Бұл көліктер мерекелік кортежге қосылып, барлық қалада брендтелген тралдардың үстінде жүріп өтеді.
Алматы мен Астанада басты жүк көліктері LED-экрандармен жабдықталады. Онда осы маусымға арнайы жасалған цифрлық Санта пайда болады. Бұл — дәстүр мен заманауи технологияның тоғысуын көрсететін керуеннің ең жарқын визуалды элементі болмақ.
Маршруттың басты нүктелері:
Алматы: Дәстүр бойынша басты орын болмақ. Dostyk Plaza СОО алдында жаңажылдық ауыл жұмыс істейді. Онда тақырыптық фотозоналар, сусындардан дәм тату аймағы, сыйлық орау станциясы мен бүкіл отбасыға арналған шағын ойындар болады.
Астана, Шымкент және Ақтөбе: Қалалардың орталық нүктелерінде Coca-Cola-ның әйгілі бөтелкелерінен жасалған инсталляциялар орнатылып, дәм тату акциялары ұйымдастырылады.
«Жаңажылдық керуен — Coca-Cola-ның біз мақтан тұтатын ең жылы дәстүрлерінің бірі. Жыл сайын біз адамдарға мерекелік сезім сыйлап, отбасы мен достардың басын қосуға тырысамыз. Қазақстан қалаларына Жаңа жыл қуанышын әкеліп, желтоқсан айын ерекше етуге қуаныштымыз», — деп атап өтті Coca-Cola өкілдері.
Керуеннің қай жерде келе жатқанын 2GIS қолданбасындағы «Картадағы достар» функциясы арқылы нақты уақыт режимінде бақылауға болады. Ол үшін Coca-Cola аккаунтын «Достарға» қоссаңыз жеткілікті. Әр қала бойынша шақыру сілтемелері Coca-Cola-ның ресми аккаунтындажарияланады.
Coca-Cola-ның жаңажылдық керуені — бұл сізге өзі келетін мереке. Оны өз қалаңызда қарсы алып, брендтің ондаған жыл бойы әлемге сыйлап келе жатқан сиқырлы атмосферасын бөлісіңіз.