Төленбегеніне 90 күннен асқан микронесие үлесі айтарлықтай артты

Төленбегеніне 90 күннен асқан микронесие үлесі айтарлықтай артты

Ұлттық банктің операциялық статистикасына сәйкес, микроқаржы ұйымдаря портфеліндегі төленбегеніне 90 күннен асып кеткен несие көлемі жыл басынан бастап 1 қыркүйекке дейін 56,1%, 76,7 млрд теңгеден 119,8 млрд теңгеге дейін өсті. Осы кезеңде сектордағы несиенің жалпы көлемі 12,3% өсіп, 1,397 трлн теңгеге жетті.

Жалпы, МҚҰ портфеліндегі NPL 90+ үлесі 2024 жыл бойы өсті, тек сәуір айында жағдайдың біршама жақсаруы байқалды. Нәтижесінде бұл көрсеткіш жыл басындағы 6,17%-дан тамыз айының соңында 8,58%-ға өсті. 

Мерзімі өткен төлемдердің ең көп өсуі жеке тұлғаларға берілген несиелер портфелінде – 6,6%-дан 9,5%-ға дейін тіркелді.