Теңгенің нығаюы аясында долларға сұраныс азайды

Теңгенің нығаюы аясында долларға сұраныс азайды

Қаңтарда ақша айырбастау пункттері сатып алған доллардан 120,4 млрд теңгеге артық доллар сатты. Таза сұраныс желтоқсанмен салыстырғанда 32%, ал 2024 жылғы қаңтармен салыстырғанда 37% (инфляцияны ескенмегенде) төмендеді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкі.

Желтоқсанға дейін долларға сұраныстың төмендеуі, әрине, күтілген болатын: дәстүрлі түрде жылдың ең жоғары мәндері қараша және желтоқсан айларында тіркеледі. Дегенмен, 2024 жылдың желтоқсан айындағы сұраныс аса жоғары болмағанын атап өткен жөн – 176 млрд теңге (2020 жылдан бергі желтоқсан айларындағы ең төменгі көрсеткіш).

2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда биыл қаңтардағы сұраныстың азаюын да ерекше атап өтуге болады. Бір жыл бұрын қаңтардағы долларды таза сату көлемі соңғы бес жылдағы «маусымдық емес» айларда тіркелген ең жоғары деңгейлердің бірі болды (190,1 млрд теңге).

Бір қызығы, осы қаңтар айының қорытындысы бойынша, ұлттық валюта 1,3% нығайды, бір доллар 525,11 теңгеден 518,14 теңгеге дейін. Дегенмен, ай бойы доллар бағамының ресми динамикасы айтарлықтай құбылмалы болды. Қаңтар айының ортасына дейін ол қымбаттап, өзінің шарықтау шегіне тарихи максимум 530,24 теңгеге жетті. Америка валютасының ресми құнының төмендеуі үрдісі айдың үшінші онкүндігінде ғана пайда болды.

Басқа валюталарға келер болсақ, қаңтарда еуроның таза сатылымы 34,9 млрд теңгені құрады – желтоқсанмен салыстырғанда 89% ұлғайды және 2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 62% көбейді. 

Рубль теріс мәнде; минус 9,5 млрд теңге. Айта кету керек, бір ай бұрын минус 4,4 млрд теңге болса, бір жыл бұрын плюс 4,8 млрд теңге болған.