Соңғы екі жылда Қазақстанда телефон/карта нөмірі арқылы ақша аударушылар азайды. Ұлттық банк сауалнамасы бойынша, 2022 жылы телефон/карта нөмірі арқылы ақша аударушылар респонденттердің 77%-ы болса, 2024 жылы 72%-ға дейін азайды. Қолма-қол пайдаланушылар да үш жыл бұрынғы 59,2%-дан былтыр 48,9%-ға дейін азайды.
Бұл ретте мобильді қосымша арқылы QR-код арқылы төлем жасаушылар 60,1%-дан 69,5%-ға дейін өсті.
Ұлттық банк заңнамадағы өзгерістер мен әмбебап салық декларациясының енгізілуіне байланысты карта немесе телефон нөмірі арқылы аударымдар азайғанын айтады. Еске салайық, мұндай аударымдар салық салу мақсатында бақылауға алынған болатын.
«QR код арқылы төлем жасау 1,2 есе, несие картасы бойынша төлем – 1,6 есе, контактісіз төлемдер салыстырмалы түрде айтарлықтай 5,3 есе, электронды әмиян арқылы төлем 4,5 есе өсті», — деп жазады ҚР Ұлттық банкі.