1 қаңтардан бастап Қазақстан кедейлікті жаңа әдіспен өлшейді. Еңбек министрлігінің жарияланған бұйрығында кедейлік шегі ел тұрғындарының орташа табысының 35% мөлшерінде белгіленген.
Есеп тоқсан сайын жүргізілетін болады. Биылғы жылдың соңында орташа жалақы 285 мың теңгені құрады, яғни жаңа стандарттар бойынша табысы 100 мың теңгеден төмен адамдар кедей саналады.
Бұған дейін кедейлік шегін орташа табыстың 50% деңгейінде бекіту жоспарланған болатын.