Қазақстан 2023 жылы 381,9 млн долларға сүт өнімдерін импорттады. Биылғы жылдың 9 айында импорт 288,2 мле долларды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,5% артық. Қазақстанның сүт одағының басшысы Владимир Кожевниковтың айтуынша, импорттың өсуіне Қазақстанға қарағанда көршілес елдерде сүт өнеркәсібіне мемлекеттік қолдаудың жоғары деңгейі ықпал етіп отыр, деп хабарлайды «Атамекен» ҰКП.
Сүт өнімдері импортының 90%-ға жуығы ЕАЭО елдерінен келеді (2023: Ресей – 140,6 млн доллар, Беларусь – 76,2 млн доллар).
Бұл ретте «Атамекен» соңғы бес жылда Қазақстанда сүт өнімдері өндірісінде өсудің оң динамикасы байқалғанын атап өтті. Мысалы, сары май өндірісі 64%, ірімшік пен сүзбе 49%, ашытылған сүт өнімдері 12%, сүт 3% өсті.