Сауда және интеграция министрлігі су тасқынынан зардап шеккен облыстарда азық-түлік тауарларымен, оның ішінде ӘМАТ-пен қамтамасыз ету жағдайын бақылауда.

Алдын ала деректер бойынша су басқан өңірлерде 80 сауда нысаны зардап шекті (Павлодар облысында — 1, Қостанай облысында — 22, Ақтөбе облысында — 9, Атырау облысында — 35, Батыс Қазақстан облысында — 13 нысан). Залал сомасы нақтылануда. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты.

Министрлік ірі сауда желілерімен бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігі және зардап шеккен өңірлерде азық-түлік тауарларын жеткізудегі іркілістер туралы уақтылы хабарлау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бағаның өсу фактілері анықталған жағдайда 8 (7172) 74-37-35 нөмірі бойынша, тауарлар тапшы болған жағдайда 8 (7172) 74-39-34 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.