2024 жылы 209,9 млрд теңгеге стоматологиялық қызмет көрсетілді. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш номиналды түрде 1,5 есе артып, кем дегенде бес жыл рекордын жаңартты.
Стоматологтар табысының күрт өсуін 2023 жылды қоспағанда, соңғы төрт үрдіс деуге болады. 2021 және 2022 жылдың қорытындысы бойынша, көрсетілген қызмет екі есеге жуық өсті. 2021 жылы халық бұл қызметті тұтынуды кенеттен күрт көбейтуі БЖЗҚ ақшасын пайдалануға рұқсат етілу болса, одан кейінгі жылы жеткілікті сома шегінің ұлғаюы еді.
2024 жылы зейнетақы қорының ақшасын алуға шектеу енгізу, сондай-ақ жұмыс істейтін зейнеткерлерге бюджеттік төлемдерді тоқтату туралы сөздің аясында өсім болды. Бұл бастамалардың ешқайсысы түпкілікті жүзеге асырылған жоқ, есесіне зейнетақы қорынан дереу алынған ақша көбейді.
Былтыр стамотологиялық қызметтерге төленген ақшаның 80%-ы халықтың ақшасына тиесілі, қалғанын мемлекет немесе компаниялар төледі.
Екінші жағынан, стоматологиялық қызмет көлемінің өсуіне бағаның өсуі әсер етеді. 2021 жылдан 2024 жылға дейін олардың құны жылына орта есеппен 11,5% өсті, ең жоғары көрсеткіш 2022 жылы – 18,3%-ды құрады.