Биыл 11 айда егін шаруашылығы 7,6% өсіп, 5,8 трлн теңгенің өнімін өндірді. 

Республика бойынша Павлодардан басқа солтүстіктегі үш облыс пен Түркістан облысы саладағы төрт алып саналады. Бұлардың ішінде Түркістан облысының көрсеткіші биыл айтарлықтай азайып кетсе, қалған үштік жақсы өскен. 

Елдің шығыс белдеуі — солтүстік шығыс (Павлодар) шығыс (Абай мен ШҚО), орталық шығыс (Қарағанды), оңтүстік шығыс (Жетісу мен Алматы облысы) бұрыннан егіншілік орташа дамыған өңірлер. Бұларлың ішінде солтүстік шығыс жақсы өссе, ШҚО орташа ғана өскен, қалғандары минуста.

Батыста жағдай қызық, Атырауда көрсеткіш артып, Маңғыстауда құлдыраған, бірақ бұлар елдің егінші өңірлері болмағандықтан, жалпы көрсеткішке әсері аз.

Қалған облыстар орташа деңгейде өсім көрсетіп отыр.