Solidcore Resources plc Қазақстанның солтүстігінде орналасқан Тоқтар алтын кен орнын сатып алғанын хабарлайды.
«Тоқтар кен орны — Варваринское хабына жақындығының арқасында синергияға үлкен мүмкіндіктер ашатын стратегиялық сатып алу болмақ. Мәміле құрылымы, бақылау пакетінің тартымды бағасына және барлау нәтижелеріне байланысты Тараптар арасында қалған үлестің құнын теңгерімді бөлуді көздейді», — деп мәлімдеді Solidcore Resources plc Бас атқарушы директоры Виталий Несис.
Тоқтар кен орны Қостанай облысындағы Варваринское хабынан оңтүстік-батысқа қарай 180 км жерде орналасқан (Solidcore тиесілі). Жобаға Тоқтар және Оңтүстік Тоқтар кен орындары, сондай-ақ Барамбай геологиялық барлау алаңы кіреді.
Мәлім болған соңғы бағалауларға сәйкес, JORC кодексіне сәйкес Тоқтар мен Оңтүстік Тоқтар кен орындарының минералды ресурстары 1,1 млн унция алтынды құраған.
Келісімнің шарттары бойынша бірінші кезеңде Solidcore жобадағы 51% үлесін шамамен 25 млн долларға сатып алмақ. Қосымша 23% осы бағалау негізінде есептелген баға бойынша, Тоқтар және Оңтүстік Тоқтар учаскелерінде KazRC кодексіне сәйкес қорларды бағалаудан кейін сатып алынады. Қалған 26% осы бағалауға негізделген баға бойынша Барамбай алаңындағы KazRC сәйкес қорларды бағалаудан кейін иелікке өтеді. Сонымен қатар, сатушылар қайта өңделген кендегі металл көлемі негізінде есептелген ауыспалы кейіндетілген сыйақы алады. Мәміленің әр кезеңінің аяқталуы реттеушілердің қажетті рұқсаттарын алуға байланысты болады, ал 51% акциялардың бастапқы пакетін сатып алу 2025 жылдың III тоқсанында аяқталады деп күтілуде.
Solidcore өз тарапынан келесі 12 айда геологиялық барлау жұмыстарын бастау және кен қорларын бағалау үшін жобалық құжаттаманы дайындаумен айналысатын болады. Компания Тоқтар мен Оңтүстік Тоқтар бойынша бағалауды 2027 жылдың соңына дейін, ал Барамбай алаңы бойынша бағалауды 2028 жылдың соңына дейін аяқтайды деп күтілуде.
Кен орнын ашық және жерасты тау-кен жұмыстарының үйлесімімен игеруге болады. Кен Варваринскийдегі флотациялық фабрикада өңделеді, содан кейін Ертіс гидрометаллургиялық комбинатта (ЕГМК) кезекті концентрат өңдеу үрдісінен өтеді.
Тоқтар кен орнын сатып алу төменгі ерекшеліктер негізінде Solidcore стратегиясына сәйкес келеді:
- Варваринское хабына арналған ресурстарды едәуір өсіру және қызмет ету мерзімін ұзарту;
- Варваринское аумағындағы фабрикада қайта өңдеу үрдісінен өту нәтижесінде арзан капитал шығындарымен жобаны қарқынды дамыту;
- Компанияның қайта өңдеу саласындағы тәжірибесін және ЕГМК үшін қосымша шикізат көзін тиімді пайдалану .
Тоқтар кен орнының өндіруге арналған лицензиялы алаңы 7,5 км2 құрайды және Қостанай облысында әкімшілік орталықтан 40 км қашықтықта, Жітіқара қаласында орналасқан (жергілікті тұрғындар саны шамамен 35 мың адам). Қазіргі уақытта объектіге асфальтталған жолдармен (Қамысты-Жітіқара тас жолы) және ұзындығы 180 км Варварин хабына дейінгі темір жолымен жеткізуге болады. Лицензиялы учаскеде электр желісі тартылған.
Бастапқы геологиялық барлау және бағалау жұмыстары 1972-1996 жылдар аралығында жүргізілді, содан кейін ҚМК Тоқтар кен орны учаскесінің қорларын бағалауды 1991 жылы, ал Оңтүстік Тоқтар учаскесін бағалауды 2010 жылы бекітті. Тотыққан кенді өндіру 1991-1995 және 2006-2008 жылдары Тоқтар кен орнында, ал 2017-2023 жылдары Оңтүстік Тоқтар кен орнында жүргізілген.
JORC сәйкес Тоқтар кен орнының минералды ресурстарын бағалау 2023 жылы SRK компаниясы арқылы аяқталған және 3,5 г/т құрамында 209 мың унция алтын құраған болатын. JORC сәйкес Оңтүстік Тоқтардың минералды ресурстарын бағалауды 2019 жылы SRK компаниясы жүзеге асырған және 2,1 г/т құрамында 886 мың унция алтын құраған. Барамбай алаңы үшін JORC сәйкес бағалау жүргізілген жоқ.