Solidcore Resources plc Еуразиялық даму банкімен 100 млн АҚШ долларына дейінгі сомаға жаңартылатын несие желісін беру туралы келісім жасасқаны туралы хабарлайды.
«Бұл мәміле қаржы саласындағы серіктестеріміздің біздің ісімізге және ұзақ мерзімді стратегиямызға деген сенімділігін көрсетеді, Компанияның өтімділігін нығайтып, сондай-ақ кеңею жоспарларымызды жүзеге асыруға қажет икемділікті қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Solidcore Resources plc Бас қаржы директоры Евгения Онущенко.
Еуразиялық Даму Банкі – еуразиялық кеңістікте инвестициялық қызметті жүзеге асыратын көпсалалы даму банкі. 18 жылдан астам уақыт бойы ЕАДБ экономикалық байланыстарды нығайтуға және кеңейтуге және қатысушы елдердің жан-жақты дамуына жәрдемдесіп келеді. ЕАДБ жарғылық капиталы 7 млрд АҚШ долларын құрайды. ЕАДБ портфеліндегі негізгі үлесті көлік инфрақұрылымы, цифрлық жүйелер, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машина жасау салаларындағы интеграциялық әсері бар жобалар қамтиды. Банк өз қызметінде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын және ESG қағидаттарын басшылыққа алады.
Solidcore Resources — акциялары АХҚО (AIX) Биржасында бағаланатын, АХҚО-да тіркелген Қазақстандағы ең ірі алтын өндірушісі. Қазақстанда Solidcore портфелінде екі іске қосылған кәсіпорындары мен ірі даму жобасын (Ertis POX) басқарады.