Соғыс салдарынан Қарашығанақта газ өндірісі азайды

Қазақстан Украина дрондарының Орынбор газ өңдеу зауытына жасаған шабуылынан кейін Қарашығанақ кен орнында мұнай өндіруді ішінара қалпына келтірді. Бұл туралы ҚазМұнайГаз басқарма төрағасы Асхат Хасенов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда кен орнында тәулігіне шамамен 28 мың тонна мұнай өндірілуде. Өткен аптада бұл көрсеткіш тәулігіне 25 мың тонна болғанын бұған дейін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлаған еді.

«Бүгінде онда өндіріс тұрақты жүріп жатыр. Қазіргі шектеулер бұрынғы жағдайларға байланысты. Соған қарамастан, Қарашығанақтағы тәуліктік мұнай өндірісін бұрынғы 31 мың тоннаның орнына 28 мың тонна деңгейіне жеткізе алдық», – деді Хасенов.

Өткен аптада Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Украина дрондарының Орынбор газ өңдеу зауытына жасаған шабуылынан кейін Қазақстандағы ең ірі газ-конденсат кен орны – Қарашығанақта мұнай өндіру көлемі тәулігіне 34 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейін төмендегенін хабарлаған болатын.