Шілдеде ITS биржасындағы сауда тарихи рекорд орнатты

2026 жылғы шілдеде ITS халықаралық сауда алаңындағысауда-саттық көлемі маусым айымен салыстырғанда 21% өсіп, 2,78 млрд доллар көлеміндегі тарихи максимумына жетті. Бұған дейінгі рекорд 2026 жылғы мамырда тіркеліп, 2,5 млрд доллар болатын.

Шілде айында жасалған мәмілелер саны азайды: инвесторлар 383 804 мәміле жасаса, бір ай бұрынғыкөрсеткіш 400 865 мәміле болатын.

ITS-тегі сауда көлемінің өсуі белсенді инвесторлар санының артуымен, сондай-ақ шілде айында жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың жоғары болуымен байланысты.

Шілде айында ең жоғары сұранысқа ие құралдар АҚШ қор биржаларында бастапқы листингтен өткен акциялар мен ETF-тер: Direxion Daily Semiconductor Bull 3X Shares (SOXL), CoreWeave, Inc. (CRWV), Micron Technology, Inc. (MU), Nebius Group N.V. (NBIS), Advanced Micro Devices, Inc. (AMD), Freedom Holding Corp. (FRHC), Direxion Daily Semiconductor Bear 3X Shares (SOXS) және NVIDIA Corporation (NVDA) болды.